ҚМДБ  технологы Шалқар ауданына барды 5936

ҚМДБ технологы Шалқар ауданына барды

13 ақпан 2026 17 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Халал Даму» стандарттау, сертификаттау саласының технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы Шалқар ауданына іс-сапармен барып, жергілікті жамағатқа семинар өткізіп, бірқатар шараларға қатысты.

Сапар аясында технолог маман Ақмаржан Ержанқызы Шалқар ауданында өткен «Рамазанға дайындық» рухани шарасына қатысып, жамағатқа күнделікті тұтынылатын азық-түлік пен тұрмыстық заттардың адалдығына мән берудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Ақмаржан Ержанқызы Шалқар ауданында «Адал ас – жанға шипа» тақырыбында өткен семинарда Шалқар қаласының кәсіпкерлеріне халалдың шариғи негіздері мен сертификаттаудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берді. Бұл іс-шаралар өңір тұрғындарының халал тұтыну мәдениетін арттыруға және адал ас ұстанымдарын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Одан өзге ҚМДБ сертификатын алуға ниет білдірген «Ризық» кондитерлік мекемесіне барып, халал индустриясының маңызы, стандарттау талаптары және тұтынушылар үшін адал өнімді таңдаудың негізгі қағидаларын түсіндіріп өтті.

Ауданға арнайы келген ҚМДБ технологына ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков ризашылдығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Айта кетейік, технолог маман Ақмаржан Ержанқызы Шалқар ауданына жасаған іс сапары аясында 84 адаммен кездесті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі