«Бірлігі жарасқан жамағат» атты үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды 2978

«Бірлігі жарасқан жамағат» атты үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды

10 қазан 2023 71 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты үстел теннисінен жарыс өтіп, шараға қала мешіттерінің жамағаттарынан 30-дан аса адам қатысты.

Спорт сайысының басты мақсаты – салауатты өмір салты мен қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті насихаттау әрі жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту.

Ерекше дайындығымен әрі үздік нәтижемен алға шыққан қатысушыларға, атап айтқанда І орынға 30 000 теңге, ІІ орынға 20 000 теңге, ІІІ орынға 10 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Одан өзге 5 қатысушыға ынталандыру ретінде жайнамаз, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі туралы жазылған құнды кітаптар табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі