«Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспар пысықталды 1243

«Әйел-қыздар» секторының бағытындағы жоспар пысықталды

26 қаңтар 2022 273 Оқу 1 минут

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен қала және аудан әйел ұстаздарына арналған онлайн жиналыс өтті.

Жиналыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдіктің 2022 жылғы жоспары талқыланып, "Әйел-қыздар" секторының бағытындағы жоспары пысықталды.

Бас имам 7 бағыт аясындағы жұмыстарға ерекше тоқталып, арнайы тапсырмалар бекітті.

Сонымен қатар Жат ағыммен жұмысты жетілдіру мақсатында жауапты мамандар құрамы бекітілді. ҚМДБ бекіткен «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында іс-шараларды егжей-тегжейлі кеңінен түсіндірді.

Одан өзге жиналыс қортындысында әйел-ұстаздар жыл аясындағы атқарылған жұмыстарға байланысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі