«Рамазан кешірім және мол мүмкіндік айы» атты  шара өтті 4248

«Рамазан кешірім және мол мүмкіндік айы» атты шара өтті

28 ақпан 2025 145 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен «Рамазан кешірім және мол мүмкіндік айы» атты шара өтті.

Игі шарада ұстаз Жұлдыз Тлеубай әйел жамағатына Рамазан айының артықшылықтары тақырыбында видео-ролик көрсетіп, «Ораза» бабы бойынша сұрақтарды талқылады.

Сондай-ақ ораза кезінде ескеру керек мәселелер бойынша фиқхтан кеңінен түсіндіріп өтті. Шара соңында 2025 жылдың ораза кестесі және ораза анықтамалығы таратылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі