Мешіт шәкірттері: Фиқһ (құқық) пәнінен емтихан тапсырды 5841

Мешіт шәкірттері: Фиқһ (құқық) пәнінен емтихан тапсырды

26 қаңтар 2026 47 Оқу 0 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында шәкірттер арасында фиқһ пәнінен қорытынды емтихан өткізілді.

Емтихан барысында тыңдаушылардың фиқһ ілімі бойынша алған теориялық білімдері, шариғи мәселелерді түсіну деңгейі және практикалық сұрақтарға жауап беру қабілеті сараланды. Шәкірттер қойылған сұрақтарға тиянақты жауап беріп, сабақ барысында меңгерген білімдерін көрсете білді.

Аталған емтиханды Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Гүлжайнар Мұсақызы қабылдады. Ұстаз емтихан нәтижесіне байланысты шәкірттердің дайындық деңгейіне оң бағасын беріп, алдағы уақытта білімді тереңдету жөнінде пайдалы кеңестер айтты.