"Отбасым - асыл қазынам" тақырыбында семинар тренинг өтті
"Әзіреті Біләл" мешіті мен "Мансап" орталығының ұйымдастыруымен "Анаға тағзым" ғимаратында "Отбасым - асыл қазынам" тақырыбында семинар тренинг өтті. Семинарға қатысушылар түрмеде жазасын өтеп, провация тізімінде тұрған азаматтар қамтылды. Негізгі спикерлердің қатарында "Әзіреті Біләл" мешітінің бас имамы Такеев Нұрлыбек Панабайұлы отбасы құндылықтары жөнінде өзекті мәселелердің түйінін шешті. Семинардың мақсаты жазасын өтеп шыққан азаматтарға отбасының құндылықтарын түсіндіре отырып, жаңа өмірге бейімделуіне қолдау көрсету. Семинардың барысында қатысушылардың тарапынан туындаған діни сұрақтарға бас имам жауап берді. Сондай-ақ тұрмыстық және кәсіптік тұрғыдан туындаған сұрақтарға"Мансап" орталығының мамандары және заңгерлер тұшымды жауаптарын берді.



































