«Әлемнің нұры – Фурқан» тақырыбындағы тәж кию рәсімі өтті 5842

«Әлемнің нұры – Фурқан» тақырыбындағы тәж кию рәсімі өтті

26 қаңтар 2026 27 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Әлемнің нұры – Фурқан» тақырыбында тағылымды тәж кию рәсімі ұйымдастырылды. Шара Қасиетті Құранның «Фурқан» сүресінің алғашқы аяттарының оқылуымен басталып, Қанат имамның жүрекке жетерлік насихат сөзімен жалғасты.

Келесі кезекте мешіт қызметкері әрі жамағаттың белсендісі Айсәулина Рада «Не пайда?» атты термені орындап, қатысушыларға рухани әсер сыйлады.

Шараға арнайы спикер ретінде Имангазина Салтанат Нұрбайқызы – тәрбиеші, сертификатталған балалар психологы шақырылды. Ол «Балаларда кітап оқу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, ата-аналар мен ұстаздарға пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Әліппеден бастап тәлім алған шәкірттер «Ya Nabi Salam Alayka» әнін хормен орындап, жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Айзат Қобланқызы ансарлық қарилардың мырзасы атанған сахаба Үбәй ибн Қағбтың (р.а.) өмірбаянымен таныстырып, оның Құран іліміндегі орны жайлы тағылымды ақпарат ұсынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық мешіт шәкірттері арасынан 35 қыз бала тәж киіп, Құранға түсті.

Шара соңында «Құран мен сапар» атты подкаст айдары ұйымдастырылып, Ақтөбелік әйел ұстаздар арасындағы бекітілген жалғыз қари ұстаздан Құран жаттау жолындағы өнеге мен насихат тыңдалды.

Осындай әйел жамағатының руханиятын көтерген шараға 78 адам қатысты.