"Ел үлесі – пәтерге": 622-ші үй табысталды 2306

"Ел үлесі – пәтерге": 622-ші үй табысталды

06 желтоқсан 2022 175 Оқу 1 минут

ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес, "Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық акциясы аясында жыл басынан бері республика бойынша 622-ші, облыс бойынша 7-ші үй Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы  аудандық  мешіттің наиб имамына қызметтік пәтер ретінде табысталды.

Баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру мақсатында аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің наиб имамы  Нұрсұлтан Жүнісәліге қызметтік пәтер берілді. 

Сауабы мол игі шараның салтанатты табыстау рәсіміне облыстық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамы Абзал Медетбеков, Шалқар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Елубай Төлепбергенұлы мешіт мешіт ақсақалдары, аудандық "Матай Қоқанұлы, қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" және ауыл мешіттерінің имамдары мен ұстаздары арнайы қатысты.

Сонымен қатар ақсақалдар ақ баталарын беріп, дін мамандарының қызметіне сәттілік тіледі.

"Ел үлесі пәтерге" жобасы алдағы уақытта Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен және жамағаттың қолдауымен Ақтөбе облысында өз жалғасын таппақ. 

Ауызбіршілік танытқан шалқарлық ағайынға алғыс айтып, жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын деп тілейміз! 

Айта кетсек, осыған дейін Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында "Ел үлесі – пәтерге" қайырымдылық акциясы аясында 2022 жылдың ішінде республика бойынша 621-ші, облыс бойынша 6-шы үй жалғызбасты анаға табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық  "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі