Қала имамдары уағыз-насихат жүргізуде
Ақтөбе облысы өкілдігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қала мешіттерінде кезекті жұма уағыздары өткізілді.
Жоба аясында:
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Хамитов Мырзабек — «Анашым» мешітінде,
«Анашым» мешітінің бас имамы Орынбай Мәди Орынбайұлы — Ақтөбе қалалық орталық мешітінде,
«Әзіреті Біләл» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Такиев — «Қабақ баба» мешітінде,
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбет — «Ас-Сәлам» мешітінде,
«Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Дүйсеев — «Әзіреті Біләл» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
📿 Жұма уағызында дін қызметкерлері
«Адалдық — мұсылман болмысының айнасы» тақырыбын арқау етіп, адалдықтың адам өміріндегі, отбасындағы және қоғамдағы орны мен маңызын кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың ﷺ хадистерінен мысалдар келтіріліп, адалдық — сенім мен берекенің негізі, ал әділетсіздік пен қиянат — қоғамдағы алауыздықтың бастауы екендігіне ерекше тоқталды.
🤲 Уағыз соңында жамағатты шынайылыққа, жауапкершілікке, сабыр мен ынтымақты ту етіп, елдің бірлігі мен амандығы жолында ауызбіршілікке шақырды.













































