"Отбасындағы әйел даналығы. Хадиша ана үлгісі" 3465

"Отбасындағы әйел даналығы. Хадиша ана үлгісі"

28 шілде 2024 958 Оқу 1 минут

"Бақытжан" мешіті әйел жамағатына пайдалы семинар өтті. Биылғы жылғы "Ислам және дәстүр құндылығы" жылында мешітімізде ұлттық құндылықтар мен отбасы құндылықтарын насихаттауда көптеген шаралар өтті. Соның бірі осы семинар болды. Бұл шараға қатысушы аналар мен жастарға мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова "Отбасындағы әйел даналығы.Хадиша ана үлгісі" туралы уағыз насихат айтты. Өмірі өнегелі, ғұмыры ғибратты болған Хадиша ананың жар таңдау мәселесі, еріне бағынуы, қолдауы, кәсіпкерлігі , құлшылығы, бала тәрбиесі жайында хадистер пен оқиғалар алынып, бүгінгі өмірдегі қыз-келіншектердің көзқарас, ұстаным, тңрліктерімен байланыстырылып, ой түйіндер жасалды.

Мешітіміздің ақ жаулықты аналары Кермақас әжей, Жария әжей, Райгүл әжей, Сәния апа  өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға өмірлік ақыл-кеңестерін ортаға салды.

Мықты мемлекеттің негізі - мықты отбасы десек, қоғамға, елімізге жанашыр, тәрбиесі мен тәлімі келіскен, иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін де шаңырақтар шайқалмай, татулығы мен берекесі берік боп, ер мен әйелдің мәмілесі мен мейірімі мықты болмақ керек. Бала естігенімен емес, көргенімен тәрбиеленеді десек ер мен әйелдің ортақ игілікте жарасымды жанұя құрғаны бәрінен де маңызды.