ҚМДБ «Жастар ісі» секторы футболдан жолдастық кездесу өткізді
Шалқар ауданында ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша жастарының ұйымдастыруымен жамағат арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
Шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді пайдалану және жамағат арасындағы бірлікті нығайту.
Іс-шараға мешіт жамағатынан 13 адам қатысты. Достық пен өзара сыйластық рухында өткен бұл кездесу жамағаттың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бірлік пен татулықтың нығаюына ықпал етті.





































