Шалқар ауданында «Суицид – ауыр күнә» тақырыбында жамағатқа насихат айтылды 6319

Шалқар ауданында «Суицид – ауыр күнә» тақырыбында жамағатқа насихат айтылды

26 сәуір 2026 18 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті наиб имамы Ерлан Наурызбаев жиналған жамағатқа тағылымды насихат айтып, адам өмірінің қадір-қасиетіне кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде адам баласының Алланың ерекше жаратылысы екенін атап өтіп, әрбір жанның өмірі аманат екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, суицидтің дінімізде ауыр күнә екендігі, оның адамға да, қоғамға да тигізетін зияны жан-жақты баяндалды. Қиындыққа тап болған сәтте сабыр сақтау, Аллаға тәуекел ету және жақындардан қолдау сұраудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани тұрғыда пайдалы кеңестер ұсынылды. Бұл насихат жиыны жамағаттың имандылық деңгейін арттырып, қоғамда адам өмірінің құндылығын насихаттауға өз үлесін қосты.