Наиб имам қарттар үйіне зиярат етіп барды 3372

Наиб имам қарттар үйіне зиярат етіп барды

27 мамыр 2024 625 Оқу 1 минут

«Дін мен дәстүр» бағыты аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев облыс орталығындағы Қарттар үйіне барды.

Қарттарға сәлем беріп барған имам үлкендердің әркез қоғам назарында, қамқорлықта болатынын атап өтті.

«Қазақта «Қарты бардың қазынасы бар» деген керемет сөз бар. Өмір болған соң, түрлі жағдайлар болады. Десе де, қартын құрметтеген халқымыздың асыл қасиеті әркез жасай береді» деп атап өтті мешіт имамы. Қарттарға жылу насихаттарын, айтып әрқашан мешіт тарапынан қолдауға дайын екенін жеткізді.

Осындай жүздеріне қаяу түскен аға-буын өкілдеріне қамқорлық көрсету мен олардың жүрегіне жылы тиетін сөздерді айтып, жоғары көңіл-күй сыйлауды наиб имам барша дін қайраткерлерінің басты қасиеттерінің бірі деп есептейді.