Жамағатқа кебіндеу рәсімі үйретілді
Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінде мешіт шәкірттері қатысқан марқұмды кебіндеуді үйрету танымдық шарасы өтті.
Саналы ғұмырында әрбір ақыл-есі дұрыс адам ажал жетпей тұрып Алла Талаға құлшылық етіп, өзіне жүктелген парыздарды орындау тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадис-шаріпінде: «Дүние ләззаттарын жермен-жексен ететін ажалды еске алындар»- деген.
Дәрісті аталған мешіттің ұстазы Еламан Кәрім жүргізіп, марқұмды оң жаққаа жатқызу, жуындыру, пәктеу, кебіндеу, ақтық сапарға шығарудың тәртібі туралы кеңінен мағұлмат беріп өтті. Танымдық шара алдаға уақытта жалғасын табатын болады.