Хромтау ауданында Мәуліт кеші өтті 995

Хромтау ауданында Мәуліт кеші өтті

25 қазан 2021 112 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Қош келдің, мүбәрак Мәуліт айы» атты іс-шара ұйымдастырылып, оған арнайы қонақ ретінде Ақтөбе қалалық мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы қатысты.

Ауданның Бас имамы Ерік Қонақбайұлы жамағатқа мәуліт туралы тоқталды. Ал қалалық мешітінің Бас имамы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянына тоқталып, ғибратқа толы сүннетінен жамағатқа түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар мешіт ақсақалы Айтжан қажы Ахметқалиұлы дұға жасап, бата берді.

Одан өзге ауданның Бас имамы құрметті қонақ пен ақсақалдарға және қызметкерлерге алғысын білдіріп, мәуліт мерекесіне орай дайындалған сыйлықтарын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі