Шалқарда «Отбасы – аманат» тақырыбында шара өтті
«Дәстүр және отбасы» бағыты аясында өткен шарада Шалқар қаласы, «Тәубе» мешітінің имамы Асан Жетписбаев жамағатқа отбасы құндылықтары, бала тәрбиесі тақырыптарына кеңінен тоқталды.
Шара барысында «Дін мен дәстүрін қадір тұтқан дана халқымыз да «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасының қоғамдағы орнын ерекше бағалаған. Өйткені кез келген қоғамда адами жақсы қасиеттердің кеңінен тарауы үшін әр отбасының береке мен бірлікте өмір сүруінің маңызы зор» - деп атап өтті имам Асан Жетписбаев.
Одан өзге, жамағат имамға толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.






































