Мұғалжарда «Адамзаттың асыл тәжі» атты кеш өтті
Мұғалжар ауданында Қандыағаш қалалық «Қадырәлі ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәжі» атты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәулітіне арналған рухани кеш өтті.
Шара барысында Мұғалжар ауданның Бас имамы Шадман Мұхаммедисмаил «Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көру» тақырыбында уағыз айтты.
Ал қалалық «Қадырәлі ата» мештінің бас имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, арнайы шара аясында ұйымдастырған білім сайына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. Білім додасына 5 топ қатысып, үздіктер қаржылай марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































