Қарғалыда Мәуліт кеші ұйымдастырылды
Қарғалы аудандық «Ас-Самиғ» мешіті ұйымдастыруымен «Адамзаттың асыл тәж» атты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәулітіне арналған рухани кеш өтті.
Аталған кеште ауданның Бас имамы Нұрлан Қырықбаев салауат айтудың артықшылықтары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін жаттаудың абзалдығы жайында насихат айтты.
Шара қортындысында жамағатқа сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, дұрыс жауап берген қатысушыға сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































