«Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында практикалық сабақ өтті 1253

«Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында практикалық сабақ өтті

29 қаңтар 2022 426 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева облыстық орталық мешітте әйел жамағатына «Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында практикалық сабақ өтті. 

Ұстаз екі бөлімнен тұратын дәрісте пенденің жан тәсілім мезгілінде қасындағы жанашырларының жасау керек болатын амалдарын әңгімелей келе, оң жаққа қою, кебін пішуді егжей-тегжейлі түсіндіріп, қуыршақ маникенді қолдану арқылы іс жүзінде көрсетті.

Одан өзге тақырып аясында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Ал сабақтың екінші бөлімі мәйітті жуындыру және кебіндеу келесі жұма күні көрсетіліп, осы тақырып төңірегінде әйел жамағатының сауалдарына жауап беріледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі