«Әл-ләтиф» мешітіне наиб имам тағайындалды
Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған наиб имам Асан Жетпісбаевты таныстырды.
Жаңа имам «Ақтөбе» медресе-колледжінің түлегі. Отбасылы.
Еңбек тәжірибесі:
2021–2022 жж. – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданындағы «Матай Қоқанұлы» мешітінде наиб имам; 2022–2026 жж. – Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде имам; 2026 жыл (5 ай) – Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы «Тәубе» мешітінде имам қызметін атқарды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































