САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРІ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ 5313

САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРІ ҚАЗАҚСТАНҒА РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ

23 тамыз 2025 2 Оқу 1 минут

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа Қазақстанға ресми сапармен келді.

Алматы халықаралық әуежайынан мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы күтіп алды.

Сапар барысында тараптар қажылық және умра саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және ұйымдастыру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар министр ҚМДБ басшылығымен және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесіп, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары бойынша келіссөздер өткізеді.