Шалқар: Қалалық «Тәубе» мешітіне жаңа имам тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шалқар ауданы, Шалқар қаласы «Тәубе» мешітіне Ерлан Наурызбаев имам болып тағайындалды.
Осыған орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин жамағатқа жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін Ерлан Наурызбаев Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған. Діни салада 11 жылдық тәжірибесі бар білікті маман бұған дейін Шалқар ауданында азаншы, имам және наиб имам қызметтерінде еңбек еткен. Отбасылы.
Ерлан Наурызбаев — «Ақтөбе» медресе-колледжінің (2015–2018 жж.) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің (2019–2022 жж.) түлегі.
Ақсақалдар ақ батасын беріп, жаңа имамның елдің рухани өмірін дамыту, тұрғындардың діни сауатын арттыру бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 




































