Шалқар ауданының Бас имамы белсенді ер жамағаты мен әжелерді марапаттады 2672

Шалқар ауданының Бас имамы белсенді ер жамағаты мен әжелерді марапаттады

02 мамыр 2023 324 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков белсенді ер жамағаттары мен әйел жамағаттарының ішіндегі Жұмакешова Айғаным Ідірісқызы және Тахаева Гүлдариға Шудабайқызын алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыстады.

Аталған кісілер аудандық мешіттің діни іс-шараларының өткізілуіне атсалысып, өзіндік үлесін қосқан жамағат ислам дінінің аудан көлемінде таралуына күш-жігерлерін жұмсаған.

«Жаратқанның бірлігін нығайтып, тұтастығын сақтап, қайырлы мол қайырымды істердің артуына қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс білдіремін! Жасаған барша ізгі амалдарыңызға Алла сауаптан жазсын! Отбасыңызға амандық, денеңізге саулық тілеймін!» делінген Бас имамның алғыс хатында.