Ақтөбе: «Дін саласының үздігі – 2023» иегерлері марапатталды 3140

Ақтөбе: «Дін саласының үздігі – 2023» иегерлері марапатталды

14 желтоқсан 2023 676 Оқу 1 минут

 «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін саласының үздігі – 2023» облыстық байқауы өтіп, 9 ауданы мен қала бойынша 25 дін саласының мамандары бақтарын сынады. 

Аталған байқау 6 номинация «Үздік дін орталығы – 2023», «Үздік теолог –2023», «Үздік психолог – 2023», «Үздік ауыл имамы –2023», «Үздік аудан имамы – 2023», «Үздік қарсы насихат парақшасы –2023» бойынша өткізіліп, үздіктер анықталды.

«Дін саласының үздіктері 2023» облыстық байқауына қатысып, «Үздік аудан имамы – 2023» номинациясы бойынша Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің бас имамы Шымболатов Абай, «Үздік ауыл имамы – 2023» номинациясы бойынша Ойыл ауданы, Қараой ауылдық мешітінің имамы Асқар Жасұлан марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік дін орталығы – 2023» номинациясы бойынша «Темір аудандық дін істері орталығы» КММ басшысы Семибаев Нұрлан, «Үздік қарсы насихат парақшасы – 2023» номинациясы бойынша Шалқар аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының маманы Наурызбаева Лариса, «Үздік психолог – 2023» номинациясы бойынша «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Қасенов Ақжол иеленді.

Одан өзге «Үздік теолог – 2023» номинациясы бойынша «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Искаков Медет, «Ихсан» орталығының теолог мамандары Қойшығұлова Анар және Ізберген Бейбарыс үздік деп танылды.

Жеңімпаздарды Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл, облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстық мәслихат депутаты Қойлыбаев Марат және Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы марапаттады.

Жиынға қатысушыларға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ізгі тілегін білдіріп, алдағы атқаратын қызметтеріне сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Айта кетсек, «Дін саласының үздігі – 2023» жүлде иегерлеріне ANDROID TV LED теледидары мен диплом және алғыс хаттар табысталды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі