«Көшпелі уағыз-насихат» Мәртөк ауданында жалғасты 3303

«Көшпелі уағыз-насихат» Мәртөк ауданында жалғасты

25 наурыз 2024 396 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы қолға алынып, Мәртөк ауданында жалғасын тапты. «Көшпелі уағыз-насихат» құрамында облыстық, қалалық, аудандық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, РАНТ мүшесі бар.

Іс-сапар Мәртөк ауданының әкімі Медет Жұмабайұлының қабылдауынан басталды. Артынша аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырып аясында кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, Бас имам 2 күндік іс-сапардың жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ өңірдегі діни мәселелердің шешімінің жолдарын талдады. Халықтың қойған сауалдарына жауп беріп, діни мәселелер бойынша салт-дәстүрге негізделген бағыт-бағдарлар берді.

Уағыз-насихат тобымен ауданға барған имамдар Мәртөк ауданының орталығы мен ауылдарда ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатымен, әкімшілік, дәрігер, оқушы, студент, т.б қызметкерлермен жалпы кездесулер ұйымдастырылды. Жамағаттың дін аясында қойылған сұрақтарына имамдар тұшымды жауап берді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.


 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі