Ақтөбе: Облыстық мешітте  жастарға арналған семинар ұйымдастырылды 2574

Ақтөбе: Облыстық мешітте жастарға арналған семинар ұйымдастырылды

21 наурыз 2023 82 Оқу 1 минут

ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Еламан Кәрімнің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Рамазанға дайындық» атты жастармен кездесу семинары өтті. 

Семинарға спикер ретінде облысымыздың бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен №2 ші қалалық емхананың терапевт дәрігері Райымбек Өмірзақ қатысты.

Одан өзге семинарда жастарға қасиетті айда орындалу керек маңызды құлшықтар, сәресі мен ауызашарда дұрыс тамақтану турасында насихат айтылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі