Облыстық мешітте «Жұбайлар татулығы» насихатталды 3127

Облыстық мешітте «Жұбайлар татулығы» насихатталды

06 маусым 2024 1644 Оқу 1 минут

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша «Әйелдерге қатысты зорлық-зомдылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады.

Елімізде 25 қараша мен 10 желтоқсан күндері аралығында «Зорлық - зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтуде.

Осыған орай, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасымен бірлесе отырып ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі мешіттерінде насихат және түсіндіру жұмыстары өткізіліп жатыр.

Бүгін, қасиетті жұма намазынан соң мешітке келген ерлер жамағатына «Тату отбасы – ел тірегі», «Жұбайлар татулығы – бақытты отбасы кепілі» атты отбасылық семинар өткізілді.

Өнегелі әрі даналыққа толы жиында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы сөз бастап, ерлерге отбасылық құндылықтардың сақталуына көңіл бөлу өміріміздегі назарға алыну керек маңызды істердің қатарынан екенін ескеріп уағыз айтты. Ердің әйел алдындағы міндеттеріне тоқталып, әйел адам Алла алдында жауап берілетін аманат екенін жеткізді.

Сондай-ақ арнайы шақыртылған қонақтар «Қазақстанның әкелері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманғос Аманкелдіұлы мен «Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры, «Аутизм.Көлжетімді орта» жеке қорының, «Дербес» түзету орталығының негізін қалаушысы Руслан Молыбайұлы жамағатқа өздерінің халық арасында жүріп жұмыс жасау тәжірибелеріндегі негізгі мәселелерді қозғап, шаңырақ көтерген жұбайлар арасындағы татулықты, дәстүр және дінмен сабақтасқан отбасылық құндылықтарды, ердің отбасы алдындағы жауапкершілігі мен рухани әрі материалдық міндеттерін орындалуына әрбір ер азамат аса көңіл бөлу керек екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін арнайы облыстық медиация орталығынан білікті мамандар шақыртылып, мешітке неке қиюға келген жас жұбайлар арасында отбасылық семинар өткізілген болатын.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі