АҚТӨБЕДЕ ОБЛЫСТЫҢ БАС ҚАРИЫ ЖАМАҒАТПЕН 5-ШІ РЕТ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАДЫ 5054

АҚТӨБЕДЕ ОБЛЫСТЫҢ БАС ҚАРИЫ ЖАМАҒАТПЕН 5-ШІ РЕТ ҚҰРАН ХАТЫМ ЖАСАДЫ

06 желтоқсан 2025 350 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде таң және құптан намаздарынан кейін аталған мешіттің наиб имамы, Ақтөбе облысы бойынша «Құран» секторының жауапты маманы Бекжан қари Әлденов 5-ші рет күнделікті намазда толық Құран Кәрімді жатқа хатым етті. 

Наиб имам Нұрбол Смағұлов елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран хатым дұғасын жасады.

Қари бұл идеяны Мысыр мен Түркия елінде ілім алып жүргенінде мақсат еткен. Сауабы мол иігі іс елімізде облыстық мешітте 2022 жылы басталған.

«Алланың қалауымен 10 айда Құран Кәрімді күн сайын жүйелі түрде таң намазында 2 беттен, құптан намазына 2 беттен жатқа айтып, бүгін аяқтадық. Күнделікті намазда Құран Кәрімді толық жатқа хатым ету— қариларымыз үшін өздерін үнемі пысықтау үшін қажет болса, ал жамағаттың Құранға деген махабаттын арттыруына сеп», — деді Бекжан қари Әлденов.

Ал наиб имам Нұрбол Смағұлов «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» (Табарани) деп, Құран Кәрімді хатым етудің маңызы зор, сауабы мол екендігін айтты.

Қазіргі таңда 6-шы Хатым басталды.

 Апта басында Құран хатым жасалса, қортындысында жұма намазынан кейін осындай игі істер жалғасын тапса, әрдайым қолдауға дайынмыз деп Құранға, қариға құрмет ретінде Бекжан Әлденовке дін жанашырларлары, кәсіпкерлер Әлібек Қалиұлы мен Сәбит Қуанышұлы уақып ретінде жаңа автокөлік берді. Демеушілерге облыстың Бас имамы Амантай Садиев атынан алғыс хат табысталды.

Әр шаңырақта Құранға амал етуші қарилар көп болсын!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі