«Нұр Мүбарак» дайындық курсы атынан ауызашар берілді 3304

«Нұр Мүбарак» дайындық курсы атынан ауызашар берілді

25 наурыз 2024 330 Оқу 1 минут

Алматы қаласында орналасқан «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Ақтөбе қаласындағы дайындық курсы орталығы атынан Рамазан айында ауыз бекіткен Ақтөбе жамағатына ауызашар берілді.

Ауызашарға елімізге танымал ғалым ұстаз Ерлан Ақатаев, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Нұр Мүбарак» университетінің тәрбие істері және әлеуметтік даму департаменті басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев және сыйлы қонақтар шақыртылды.

Имам-ұстаздар жамағатқа қасиетті Рамазан айының ерекшеліктері мен артықшылықтарын баяндайтын даналыққа толы уағыз-насихат айтты. Сауаптар еселенетін айда жақсылық жасаудың маңыздылығына тоқталған дін қызметкерлері жамағатты діни білім-ғылының дамуына үлес қосып, еліміздің рухани өркендеуі үшін білім алып жатқан студенттерге қолдау білдіруге шақырды. Сондай-ақ Алматы қаласында салынып жатқан «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің жаңа ғимаратының құрылысына атсалысып, демеушілік қолдау білдіруге шақырды.