Кітапхана қызметкерлеріне діндегі адал қоғам мәселесі түсіндірілді
А.ж 19 қаңтар күні аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы - А.Пангереева мен ауданның бас имамы - Б.Қызыр Ойыл аудандық балалар кітапханасының қызметкерлерімен кездесті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – қоғамды, әсіресе жастарды жат ағымдардың зиянынан қорғау, діни сауаттылықты арттыру және бейбіт, зайырлы құндылықтарды насихаттау. Дұрыс ақпарат – қауіпсіз қоғамның кепілі.
Жат ағымдардың ең үлкен зияны – ұлттық дәстүрлер мен діни құндылықтарды жоққа шығарып, қоғам бірлігіне сызат түсіруі. Олар жастарды теріс жолға бағыттап, заңға қайшы әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Соның салдарынан адам рухани, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан зардап шегеді.
Қазіргі ақпараттық қоғамда әр адам түрлі дереккөздерден мәлімет алады. Алайда алынған ақпараттың барлығы бірдей шынайы әрі пайдалы бола бермейді. Сондықтан дұрыс, сенімді ақпарат көздерін таңдай білу – әрбір азаматтың маңызды міндеті екені айтылып, тыңданмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.






































