#Рамазан 2026: Ойылда «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды 6078

#Рамазан 2026: Ойылда «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды

15 наурыз 2026 23 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Ойыл аудандық орталық мешітінде «Бас имам» сағаты ұйымдастырылды. 

Мешіттің имамы бас имамы Бақжарық Қызыр «Бес асыл білсеңіз» кітабыннан түнді құлшылықпен өткізу мұстахаб саналатын 5 орын туралы насихат айтты.

«Бас имам» сағаты Рамазан айының рухани маңызын арттыру, жамағаттың діни сауатын кеңейту және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өтті. Жамағатты қасиетті айды барынша құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге шақырады.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі