ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ 5147

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АЛЖИР РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ

10 желтоқсан 2025 0 Оқу 0 минут

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Осман Махаджи мырзаны қабылдады.

Кездесуде екі елдің арасындағы байланысты арттырудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар тараптар рухани бағыттағы жұмыстар жайлы әңгімелесті.

Өз кезегінде Осман Махаджи мырза мүфтияттың діни саладағы орны мен рөлі жайлы айрықша атап өтіп, уақыт бөліп, арнайы қабылдаған Бас мүфтиге алғысын білдірді.