Ақтөбе: ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі шәкірттерге тәж кигізді (ФОТО) 1739

Ақтөбе: ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі шәкірттерге тәж кигізді (ФОТО)

20 мамыр 2022 514 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызының 50 шәкірті Құранға түсіп, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы, Нұр-Сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Талшын Зарқымқызы, Батыс Қазақстан облысы «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Назгүл Медерқызы т.б тәж кигізіп, қасиетті Құран Кәрімді табыстады.

Рухани шара Ибрахим Серікжанұлының «Дұһа» сүресін оқумен басталып, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен жалғасын тапты. Сонымен қатар шәкірттер арасында Құранның артықшылығы туралы монолог оқылып, «Пайғамбарға сағыныш» атты көрініс қойылды. Ал Аида Қызметова «Құбыла» өлеңін оқып, көрерменді тәнті етсе, Айша Серікжанқызы «Буруж» сүресін оқумен іс-шара қортындыланды.

Тәж кию рәсіміне арнайы ат терлетіп елордадан ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы келіп, шәкірттерді Құранға түсуімен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұылының атынан құттықтап, Құран үйрену мен жаттаудың екі дүниедегі артықшылығына тоқталды.

Құрметті қонақтардың қатарында теолог мамандар Талшын Зарқымқызы мен Назгүл Медерқызы, ұстаздар Айнұр Мырзабаева мен Гүлмайра Тұрлыбекова, Айдана Разақ пен Зейнеп Мұсақызы және өңірдегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова
Құранның маңыздылығы туралы уағыз айтып, баталарын берді.
Одан өзге шәкірттер кештің атауы жазылған «Ақыреттік нұрлы тәжім» атты арнайы тәтті нанды қонақтарға ұсынды.

Іс-шара қортындысында ұйымдастырушыларға қажы әжелер ақ батасын беріп, қатысушылар алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі