Ақтөбе: «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед» атты рухани кеш өтті 2982

Ақтөбе: «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед» атты рухани кеш өтті

10 қазан 2023 88 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйеллер орталығының ұйымдастыруымен «Ғаламның рахым нұры – Мұхаммед» атты рухани кеш өтті.

.Шараның басты мақсаты – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүниеге келген мәуліт айында Ол (с.ғ.с) туралы, тұлғалық асыл қасиеттерін кеңінен насихаттау.

Алла Елшісіне (с.ғ.с) салауат жырын арнаудан басталған кешке Ақтөбе облысы «Әйел-қыздар» секторнының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова және «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұл арнайы қатысып «Әлемнің ұлы ұстазы – Мұхаммед» тақырыбында насихат айтты.

Одан өзге Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстаздары Жұлдыз Алдаберген және Назерке Айбекқызы жамағатқа түрлі ойындар ойнатты. Ал жамағат тарапынан «Пайғамбарға сағыныш» монологтары оқылып, мәуліт жыры хормен айтылды.

Кеш соңында Алла Елшісінің (с.ғ.с) сүйіп жеген тағамдарынан көпшілікке дастархан жайылды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі