«Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа» атты Мәуліт кеші өтті 3777

«Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа» атты Мәуліт кеші өтті

02 қазан 2024 344 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымластыруымен «Мәңгілік өнеге әз Мұхаммед Мұстафа» Мәуліт кеші өтті.

Шараның басты мақсаты – Алла Елшісінің (с.ғ.с) ғибрат ғұмырын насихаттап, ізгілікке толы өмірінен үлгі алу әрі дәріптеу.

Мәуліт кешінде Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітініің ұстазы Кенжегүл Кушкарова «Пайғамбар өмірінің ғибраты» туралы уағыз айтып, отбасы институындағы басты құндылықтарды Пайғамбарымыздың шаңырағынан іздеу қажеттігін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, қала мешіттерінің өзге де ұстаздары арнайы қонақ болып, рухани кеште басқосты.

Ал РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова ғибратқа толы кеште Исламның тірегі болған төрт хадисті талдап, Алла Тағаладан баршамызға пайдалы ілім нәсіп етіп, қасиетті мәуліт айындағы салауаттарымыздың сауаптан жазылуын тіледі.

Кеш барысында Пайғамбарымыздың сүйіп жеген тағамдары мен жемістерінен көрме ұйымдастырылып, жамағатқа сира негізінде сұрақ-жауап ойындары өтті.

Аталған кешке 50-ге жуық қыз-келіншектер қатысып, пайдалы біліммен сусындады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі