Ақтөбе: Имамдар 266 отбасыға қуаныш сыйлады 2522

Ақтөбе: Имамдар 266 отбасыға қуаныш сыйлады

02 наурыз 2023 200 Оқу 1 минут

Ақпан айында Ақтөбе облысы өкілдігінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ға қарасты өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен, облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары және жергілікті жаны жомарт демеушілердің көмегімен «Қолдан қолға» қаржылай қайырымдылық көмек, «Мешіт пен медреселерге көмек», «Қайырымды жұма», «Киім кешек», «Раббың үшін құрбан шал» акциялары аясында 32 қайырымдылық іс-шара өтті. 

Көмек алушылардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім-жесірлер мен аз қамтылған отбасылар бар.

Қайырымдылық акция барысында 266 отбасыға 3 тонна азық-түлік, 296 кг еттей және киім-кешек және қаржылай көмек берілді.

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан. Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» («Әли Имран» сүресі, 110-аят) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.
Ізгілік жаршысы болып, жанға жылу сыйлаған әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!

Айта кетсек, Ақтөбе облысы өкілдігі қайырымдылық шараларын белсенді түрде өткізіп келеді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі