Әйел жамағатына «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» аясында насихат айтылды 2126

Әйел жамағатына «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» аясында насихат айтылды

24 қыркүйек 2022 293 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Байғанин ауданынан келген әйел жамағатына ұстаздардар «Ислам діні – ынтымақ пен бірлік діні» аясында насихат айтты.

Кездесу барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкаорова, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары Айнұр Мырзабаева, Ардақ Бағдалқызы, Гүлмайра Тұрлыбекова әйелдің қоғамдағы орны, бала тәрбиесі, білім алу т.б тақырыптарда уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілді.

Аталған шара дін мен дәстүр сабақтастығын түсіндіру мақсатында Руханият музейінде экскурсиямен жалғасын тапты. Одан өзге шараға қатысқан 17 қыз-келіншекке хадия ретінде ҚМДБ-ның төл баспасөзі «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі