«Нұр Ғасыр» мешітінде сенбілік жалғасты 2127

«Нұр Ғасыр» мешітінде сенбілік жалғасты

24 қыркүйек 2022 123 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен кезекті сенбілік өтті. 

Мешіт қызметкерлері облыстық орталық мешітінің ауласын тазалады.

«Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші, табиғатта тірі организм. Сондай-ақ тазалық – иманның жартысы екенін ұмытпай, өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді облыстың Бас имамы.  Аталған сенбілік жұмыстары 2 ай жалғасын табады.

Айта кетсек, мешіт ұжымы осы бейсенбі күні тонның ішкі бауындай бірлесе сенбілік атқарды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі