Мәртөк: «Құран – асыл тәжім» атты рухани кеш өтті 1514

Мәртөк: «Құран – асыл тәжім» атты рухани кеш өтті

10 сәуір 2022 636 Оқу 1 минут

Құран түсірілген қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мәртөк аудандық мешітінің ұстазы Радина Бимолдинаның жетекшілігімен «Құран– асыл тәжім» атты Құранға түсуші шәкірттердің тәж кию рәсімі өтті.

Шараға облыстық ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева, облыстық орталық мешіттің Баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Орысбайқызы және үздік шәкірттер арнайы келіп қатысты.

Іс-шараның барысында Құранның қадір-қасиеті, Құранды оқып үйренушіге берілетін сауап туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар аудандық мешітте «Құран оқып үйренейік» дәрістеріне қатысып, Құранға түскен Сален Ерғалиқызы, Сұлупан Сейітмұхамбетқызы, Бағдагүл Ғайыпқызы, Шынар Әлиқызы, Аида Сейілханқызы, Анаргүл Ерназарқызы, Сұлушаш Сағынбайқызы, Айжамал Сәрсенбайқызы атты шәкірттерге ақыреттік нұрлы тәжге айналсын деген ниетпен тәж кигізіліп, Құран Кәрім сыйға тартылды.

Игі шараға 50 адам қатысып, тәжи кию рәсімі ауызашар кешіне жалғасты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі