«Ислам және ізгі қоғам» атты Ақтөбе имамдарының алқалы жиыны өтті 2440

«Ислам және ізгі қоғам» атты Ақтөбе имамдарының алқалы жиыны өтті

02 ақпан 2023 241 Оқу 1 минут

Бүгін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен Ақтөбе имамдарының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.

Облыстың Бас имамы ҚМДБ бекіткен ««Ислам және ізгі қоғам» жылында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» яғни бекітілген 5 бағыт аясында атқарылатын жұмыс жоспарына жіті тоқталды.

Сонымен қатар «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы айтулы шараларды ұйымдастыру айтылып, ҚМДБ бөлім тапсырмаларына аса мән беріп, уақытылы орындау тапсырылды. Ал 5 бағыттың соңғы бағыты – Жат ағыммен жұмыстарды атқарудағы әдістемелік көмектің нұсқаулығы берілді.

Одан өзге дін қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру мәселесіне басымдық беру туралы да қарастырылды.

Биылғы жыл аясында «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша «Ақсақалдар алқасы» мен «Әжелер мектебінің» жұмысын жандандыру, неке, талақ т.б күрделі сұрақтарды пәтуа бөліміне жолдау туралы мәселелер қамтылды.
Ақпарат және қоғаммен байланыс бойынша өңірдегі «Munara.tv» телеарнасының (видеоуағыз, подкаст, әлеуметтік видеороликтер түсіру т.б)студия жұмысын жетілдіру туралы тапсырмалар бекітілді.

Жиын қортындысында 2022 жылы белсенді ақпараттық қолдау білдірген БАҚ өкілдері Индира Сәрсенғалиқызы («Ақтөбе» газеті), Абат Дәулеткерейұлы («Актюбинский вестник») газеті, Мира Исатай («Aqtobe» телеарнасы), Амангелді Атабайұлы («Aqtobe» телеарнасы), Жанар Датқызы («Рика» телеарнасы), Айман Болатқызы («Рика» телеарнасы), Арайлым Қасымды («Керек.инфо» газеті) облыстың Бас имамы атынан, ал 2022 жылы үздік деп танылған өкілдіктегі мешіт істеріне жауапты маман Бақыткерей Балкенов, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, ҚМДБ «Munara TV» телеарнасының тілшісі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі