«Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері» атты кездесу өтті 2397

«Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері» атты кездесу өтті

01 ақпан 2023 108 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай №3 ЖОББМ КММ-де «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушылар «Мәзхаб дегеніміз не?», «Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес исламның айырмашылығы қандай?» атты сұрақтарды қойып, ұстаздан тұшымды жауап алды.

Айта кетсек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жыл бойы жалғасын табады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі