«Бақытжан» мешіті: Ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті 3788

«Бақытжан» мешіті: Ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті

05 қазан 2024 407 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешітінің шәкірттері Қарттар күніне орай мешеттің ақ жаулықты әжелеріне мерекелік шара өткізді. 

Аталған шарада ақ дастархан жайылып, аналарғ арналған поэзия оқылып, терме тартылды. Сондай-ақ кеш жүргізуші Аманғосова Айжан әжелерге келіндік, жастық, балалық шаққа саяхат жасатып, ақыл-кеңестерге толы әсерлі әңгімелер тыңдалды.

Шәкірттер әр ақ жаулықты анаға жыр жолдарын арнап, Құран қоятын сапалы дүниелерді сыйға тартты.

Кеш өте ғибратты өтті. Әжелер қауымы жастарға үлгі-өнегесін айтып, ақ баталарын жаудырды.

Кеш соңын мешіт ұстазы Анар Қойшығұлова жастарды қарттарды, үлкендерді құрметтеуге, ізеттілік көрсетуге шақырып: «Асыл дінімізде де, қазақ халқының салт-дәстүрінде де үлкенді құрметтеу – сауапты абзал іс. Ардақты Пайғамбар «жасы үлкенді сыйламаған бізден емес» десе, ата бабамыз «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деп өмірлік өсиет айтып кеткен.

Қартты сыйлап құрмет көрсеткенге, кейін өз үлкейгенде құрмет қылып, қызметін жасайтын ұрпақ береді»,- деп насихат айтты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі