Ислам тарихынан семинар өтті 3121

Ислам тарихынан семинар өтті

24 қараша 2023 2106 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының имам-ұстаздары мен теологтарының білімін жетілдіру мақсатында «Ислам тарихы» тақырыбында семинар өтіп, оны ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Смайыл Сейтбеков жүргізді. 

Аталған семинарды облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, аталған дәрістің дін мамандары үшін маңыздылығына тоқталды.

РАНТ мүшесі ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шежіресінен бастап, әділетті 4 халифаның отбасы туралы жеке-жеке тоқталып, аталған 4 халифаның кезеңіндегі кейбір тарихи деректерде келетін мәселелерді кеңірек түсіндірді.

Төрт сағатты қамтыған семинар өте қызықты һәм тартымды өтіп, қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Шара қортындысында семинарға қатысушыларға ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі мен облыстың Бас имамы атынан сертификат табысталды.

Айта кетсек, РАНТ мүшесі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі