Аудандық «Нұр» мешітінде дайындық жұмыстары тексерілді
Жаңадан тағайындалған Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали аудандық «Нұр» мешітінің қыс мезгіліне дайындығын пысықтады.
Ауданның бас имамы мешіттің ескірген жерлерін жөндеу, қажетті жабдықтарды жаңарту, жылу жүйесін тексеру мәселелерін қарады.
Марал Иманғали мешіт тек құлшылық орны ғана емес, сонымен бірге халықтың рухани ордасы екенін айта келе, оның тазалығы мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне қысқы маусымға дейінгі жұмыстарды жүйелі түрде атқарып, жамағатқа барынша қолайлы орта қалыптастыруды тапсырды.
Алдағы уақытта мешіт ұжымы жамағаттың ұсыныс-пікірлерін де ескере отырып, мешіт жұмысын одан әрі жандандыруға ниетті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































