Облыстың Бас имамы Мұғалжар ауданы мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты 3597

Облыстың Бас имамы Мұғалжар ауданы мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысты

04 қыркүйек 2024 377 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Мұғалжар ауданына арнайы барған жұмыс сапарында өңірдегі мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. 

Амантай Әбділдаұлы ауданның бас имамы Мұхаммедисмаил Шадманның атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.

Қандыағаш қаласындағы аудандық Нұртай мешітіндегі күрделі жөндеу жұмыстарының жай-күйін бақылады. Онда жүріп жатқан құрылыспен жіті танысып шықты.

Облыстың Бас имамы сапар аясында Жұрын ауылындағы «Хайрулла» мешіті мен аудандық «Нұртай» және Қандығаш қаласындағы «Кадірәлі» ата мешітіне арнайы барып, тазалығына назар аударып, ғимараттың ішкі және сыртқы жұмыстарын тексерді.

Одан өзге мешіттің қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі