Діни сұрақтарға жауап беруге арналған «Пәтуа сағаты» өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мешіттерінде әр апта сайын жұма намазынан кейін Пәтуа сағаты ұйымдастырылып келеді. Осы жұмада қала, аудан, ауыл имамдары Тәсбих жасалғанда неге аятул курси аятын сырттай және іштей оқиды?, Өз әйеліңе ниет ету міндетті ме?, Әйелі арабша Құран оқи алса, күйеуі арабша Құран оқи алмаса, имамдығы дұрыс болады ма?, Ерлі-зайыпты екеуі де арабша Құран оқи алмаса, ерінің имамдығы дұрыс болады ма?, Жұма намазы алдында отырып ұйықтап қалса, бірақ сезіп отырса дәрет бұзылады ма?, Жамағат намазына кейін қосылған жағдайда, үлгермей қалған ракағаттарын қалай толтырады?, Дәрет алынатын ағзаларда жарақат болып, кейін таңғыш таққаннан кейін қалай дәрет алады?, Әттахиятта отырған кезде, нешінші ракағат екеніне күмән келтірсе, сәһу сәжде жасалады ма?, Сапарда сүннет намаздарды оқу мүмкіндігі бар болса сүннет намаздарды оқу керек пе?, Үйдегі азан шақырудың үкімі қалай?, Сапарда, ауылдық жерлерде азан шақырылады ма?, Денеден немесе безеуден қан шықса дәрет бұзылады ма?, Денеден шыққан қан мөлшері қандай болуы керек намаз оқу үшін?, Нешінші ракағат оқып жатқаныды ұмытып қалғанда не істеу керек?, Екінті намазының уақыты шығып бара жатқанда және ақшам намазы уақыты кіруге таяғанда екінті намазын қалай оқимыз?, Намаз уақыттары арасында бос уақыт бар ма?, Қаза намаздарды қалай оқимыз?, Күн шығып немесе батып жатқанда қандай намаз оқылмайды?, Таһаджуд намазын міндетті түрде ұйықтап оқу керек пе?, Таң намазы парызын оқып болған соң сүннетін қашан оқуға болады?, Таңғы және кешкі зікірлер уақыты қандай? сынды сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді. Айта кетсек, сұрақ-жауап негізінде өтетін. Пәтуа сағаты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде де өтті.