Ақтөбе: «Сира» сабақтары қорытындыланды 6565

Ақтөбе: «Сира» сабақтары қорытындыланды

20 шілде 2026 220 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде ұстаз Анар Қойшығұлованың ұйымдастыруымен екі жыл бойы онлайн форматта жүргізілген әйел жамағатына арналған «Сира» сабақтарының қорытындыланды.

Мақсаты – жамағатқа Алла Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін терең танытып, оның көркем мінезін, сүннетін және өмірлік ұстанымдарын үлгі ету арқылы діни сауаттылықты арттыру, сүннетке деген сүйіспеншілікті күшейту.

Қорытынды кешке 45 шәкірт қатысып, өзара білім сайысына түсті. Іс-шара қасиетті Құран Кәрім аяттарының оқылуымен басталып, одан әрі пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды.

Шара барысында қатысушылар «Пайғамбардың шежіресі» тақырыбы бойынша адамзаттың ардақтысы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)шыққан тегі мен ата-бабаларына қатысты тест тапсырмаларын орындап, «Мекке кезеңі. Тарихи оқиғалар» тақырыбында Пайғамбарлықтың алғашқы жылдарындағы маңызды оқиғалар қамтылса, «Мәдина кезеңі. Ғибадаттар» бөлімінде һижреттен кейінгі мұсылман қоғамының қалыптасуы мен ғибадаттардың парыз етілуіне қатысты сұрақтар қойылды.

Ал «Пайғамбарға қатысты 30 сұрақ» атты интеллектуалдық ойын арқылы сираға байланысты білімдерін сынап, «Сира хронологиясы» ойынында тарихи оқиғаларды жылдарымен сәйкестендіріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріндегі маңызды кезеңдерді рет-ретімен орналастыру тапсырмаларын орындады.

Ұстазы Анар Қойшығұлова «Сүннетпен сәулеленген ғұмыр» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, әрбір мұсылманның Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдындағы міндеттеріне кеңінен тоқталды.

Жамағат ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, тағылымды дәрістердің алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік танытты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі