Хромтау: Аудан имамы телеарнаға сұхбат берді
Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали «Ақтөбе» телеарнасындағы «Дін және дәстүр» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Бағдарлама барысында қоғамдағы отбасы институтының маңызы, отбасы берекесін сақтау жолдары, ұлттық және діни құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі жан-жақты сөз болды.
Сондай-ақ эфир кезінде Хромтау ауданындағы діни ахуал, тұрғындар арасында жүргізіліп жатқан рухани-ағартушылық жұмыстар, жастар тәрбиесі және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді.
Сұхбат барысында бас имам қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, отбасы татулығы мен рухани тұрақтылықтың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама көрермендерге діни танымды арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды ойларымен ерекшеленді.



































