Кіші футболдан екінші біріншілік басталды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Шалқар қаласы мешіттерінің жамағаты арасында кіші футболдан екінші біріншілік басталды.
Жарыстың басты мақсаты – мешіт жамағаты арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттырып, салауатты өмір салтын дәріптеу.
Жарыста «Аңсарлар», «Тәубе мешіті», «ЖАС», «Қыран», «Иттихад», «fk.Shalkar» топтары өзара бақ сынады.
Біріншілік екі айналымнан тұрады. Әр топ қарсыластарымен екі реттен кездеседі. Жарыс үш айға созылып, шешуші тур ойындары шілде айында өтеді деп жоспарланды.
Алғашқы кездесуде Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай жарыс шарттарын түсіндіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі