Ақтөбе: ХІ Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды (ФОТО) 1999

Ақтөбе: ХІ Республикалық Құран жарысына үміткерлер анықталды (ФОТО)

24 тамыз 2022 466 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Аталған сайыс Құран Кәрімнің 20 парасын, 10 парасын, 29-30 парасын және толық Құранды жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 5 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Дәулет Қыдарбайдың әуезді Құран оқуымен басталған жарысты Қайырқожа мешітінің имамы Сұңғат Саметов жүргізіп отырды.

«Құран жаттау, оны үздіксіз оқып жүру үлкен сауап. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!» – деген. Демек, осында жарысқа келіп, Құранды тыңдаудың өзі үлкен сауап және Алланың рақымын жақындатады», – деп Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Алланың мұғжиза ретінде түсірген кітабының мәртебесін түсіндіріп, Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.

Құран жарысының іріктеу сайысына қазылық еткендер – Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық орталық «Нұрғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев, Ақтөбе қаласы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов.

Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 30-ға жуық үміткер қатысып, бақ сынады.

ХІ Республикалық Құран жарысының іріктеу сайысының жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:

 

Жолдамалар

Толық Құраннан жолдама – Ерәлі Құлмағанбетұлы

10 парадан жолдама – Ислам Мұхтар

Мәнерлеп оқудан жолдама – Дәулет Қыдырбай


Құран Кәрімді жатқа толық оқу бойынша:

ІІ орын – Илияс Жаңбырбаев (150 000 тг)


Құран Кәрімнің 29-30 парасын жатқа оқу бойынша:

І орын – Ербол Тұрмахан (50 000 тг);
ІІ орын – Хасан Серікұлы (40 000 тг);
ІІІ орын – Асқар Курманалиев (30 000 тг).


Құран Кәрімді мәнерлеп оқу бойынша:

ІІ орын – Әбілқайыр Сүйіндіков (40 000 тг);

ІІІ орын – Бекжан Дәуренбекұлы (30 000 тг).

Жоғарыдағы 3 номинация бойынша жолдама алғандар 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІ Республикалық Құран жарысына Ақтөбе өңірінің атынан бақ сынайды. Қариларға сәттілік тілейміз! Алла жар болсын!

 Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі